Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 377.09
EUR 407.37
RUB 5.93
CNY 53.95

Быжы стансасында теміржолшыларға ескерткіш тақта орнатылды

2019 жылдың 29 қыркүйек 2019 05:31

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Көксу ауданына қарасты Быжы стансасының құрылғанына 90 жыл. Мерейтой аясында стансаның негізін қалап, қызмет еткен теміржолшыларға ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1929 жылы Түркісіб-Сібір теміржолының 1 418-ші шақырымында IV санатты станса құрылып, маңында ағып жатқан Быжы өзенінің атымен аталған болатын.

90 жылдыққа арналған шара барысында ғұмырын, жастық жігерін тоқтаусыз жүретін вагондарға, жолаушылар тасымалына арнаған еңбек иелері - теміржолшылардың рухына тағзым етілді. Аудан басшылары, Алматы жол дистанциясының өкілдері мен теміржолшылардың ұрпақтары жергілікті меценаттар көмегімен тұрғызылған мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қойды. Ескерткіш тақтаға 150 теміржолшының есімі жазылған.

Быжы стансасында Мұқыр машина-трактор шеберханасының мұнай қоймасы болған. Осы қоймадан ауданға қажетті барлық жанар-жағар май тасымалданған. Быжы стансасында теміржолға қажетті құм-қиыршық карьері де жұмыс істеді. Бұл карьердің 75 пайызы Түркісіб теміржолын салу барысында пайдаланған.

Айта кетрлігі, 2020 жылдың 28 сәуірінде Түркістан-Сібір теміржол магистралінің пайдалануға берілгеніне 90 жыл толады.

Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Көлік, Алматы, ҚТЖ,
Жоғары қарай