Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Бюджет қаржысын ұрлаған полиция шенеунігі 1,5 жылын түрмеде өткізеді

2020 жылдың 28 ақпан 2020 13:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бөлім бастығы Бекназаровқа сот үкімі шықты. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Бекназаровқа және осы бөлімнің жедел уәкілі Амановқа қатысты бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қозғалған қылмыстық істі аяқтады.

«2020 жылы 18 ақпанда Ақтөбе қаласы № 2 сотының үкімімен Бекназаров пен Аманов ҚР Қылмыстық кодексі 189-бабының 3-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды», - деді Қайсар Баржақсынов.


Жоғары қарай