Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

БҰҰ: Жылымық салдарынан әлемде ашаршылық болуы ықтимал

2019 жылдың 9 тамыз 2019 19:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғаламшардағы жаһандық климаттың өзгеруі ауыл шаруашылығы жағдайының нашарлауы салдарынан азық-түліктің жетіспеушілігіне әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл туралы 8 тамызда жарияланған Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) профильдік баяндамасында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамандар баяндамада бірден бірнеше құрлықта айтарлықтай азық-түлік кризисінің болуы мүмкін екенін алға тартты.

БҰҰ сарапшылары осындай жағдай болдырмау үшін етті аз тұтынып, ормандарды қорғау керектігін және химиялық заттарды аз пайдалануға шақырды.

БҰҰ сарапшылары атап өткендей, ағаштарды кесіп, жерді жайылымға айналдыру климатқа кері ықпал етеді – бұған зиянды қалдықтардың 15–20%-ы тиесілі.

Басты сөздер: БҰҰ, Экология,
Жоғары қарай