Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 377.62
EUR 426.03
RUB 5.67
CNY 55.78

БҰҰ: Жаңа жылды сүйсінерліктей әрі пайдалы етіп қалай өткізуге болады

2018 жылдың 30 желтоқсан 2018 17:51 652

АСТАНА. ҚазАқпарат -Сіз  Жаңа жылда достарыңызға және туған-туыстарыңызға қандай сыйлық тарту етпексіз? Егер бұл мәселені әлі шешпеген болсаңыз, сізге Дүниежүзілік  жабайы табиғат және  Қоршаған ортаны қорғау бойынша  БҰҰ бағдарламасы ғаламшарды  бүлдірмейтін мерекелік сыйлықтар жайлы ақыл-кеңес бере алады, деп  жазады «Новости ООН». 

Әрине, әдемі орамаға салынған, жарқыраған лентаға байланған сыйлықтың көңілді бір серпілтетіндігі анық.

Бірақ бұл сізді бірнеше минут қана қуантады, артынан оны қоқыс салатын шелекке тастайтындығыңыз тағы рас.

Жалпы, рождестволық және жаңажылдық мереке кезеңінде қоқыстар саны күрт артады. Мысалы, АҚШ  пен Еуропада шамамен 25-30 пайызға көбейеді.

Ал осы орайда сыйлықтың ұнамды болумен қатар экологиялық  жағына неге көңіл аудармасқа. Атап айтқанда, өнерге жақын жандарға операға немесе концертке,  театрдағы спектакльге неге билет алмасқа?

Сондай-ақ,  егер тарихқа әуес болсаңыз, дос-жарандарыңызбен, құрбыларыңызмен бірге неге тартымды жерлерге экскурсия ұйымдастырмасқа.

Тағы бір еске салар жайт, егер балалармен бірге шыршаның сәнін келтірер ойыншықтар жасар болсаңыз ұтпасаңыз ұтылмайсыз. Өйткені бұл дүкеннен сатып алғаннан гөрі оларға артық қуаныш сыйлайтындығы сөзсіз.

Егер сіз Жаңа жылды табиғатқа зияны келтірмейтіндей етіп қарсы алсаңыз, бұл мерекелік  көңіл-күйіңізді одан әрі көтеретіндігі де шындық. 

 

Басты сөздер: Экология, БҰҰ, Қоғам,
Жоғары қарай