Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

БҰҰ ҚК: Қазақстан ішкісириялық қақтығысты бейбіт жолмен шешуді қуаттайды

2018 жылдың 12 қыркүйек 2018 12:08

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Тегеранда өткен Сирия қақтығысын реттеу бойынша Иран, Ресей және Түркия басшыларының үшжақты кездесуі Астана процесінің сириялық бейбіт үдерісіне, соның ішінде елдің саяси бірлігі мен тұтастығын сақтауға қатысты халықаралық іс-әрекеттерін үйлестірудегі оң рөлін көрсетті.

Бұл туралы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы ресейлік тараптың бастамасы бойынша Сириядағы ахуалға баса назар аударылуына байланысты ұйымдастырылды. Кеңес мүшелерінен басқа аталған отырысқа Иран мен Түркияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері де қатысты.

Сессия барысында қазақстандық делегация басшысы әлемдік қауымдастық ішкісириялық қақтығысты тек қана бейбіт жолмен шешу, соғыста қираған елді қалпына келтіру және күрделі гуманитарлық жағдайды шешу үшін жағдай жасау мақсатында бірлескен күш-жігерді жұмсау керек екенін атап өтті. «Біз сондай-ақ көптеген сириялық босқындардың қайтарылуына жағдай жасауымыз керек. Осыған орай сириялық босқындар бойынша халықаралық конференцияны ұйымдастыру туралы идеясы проблеманы шешудегі алғашқы қадам бола алады», - деп атап өтті Қ. Омаров.



null

Сириядағы жағдай туралы айта отырып, Қазақстан Елшісі Астана процесінің кепіл-елдерінің «ДАИШ», «Ан-Нусра майданы» және «Әл-Каида» террористік топтарына қарсы күрестегі ынтымақтастықтың маңыздылығын, сондай-ақ атысты тоқтату режіміне қатысатын қарулы оппозициялық топтарды террористерден айырудың өзектілігіне баса назар аударды. Сонымен қатар, елші саяси процесс үшін жаңа мүмкіндіктер тудыратын Идлибдегі атысты тоқтатуды қанағаттанушылықпен атап өтті.

Иран, Ресей және Түркияның Сириядағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға және азаматтық тұлғаларды қорғауға, соның ішінде Сирия экономикасын және инфрақұрылымды қалпына келтіруге, сондай-ақ маңызды әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған күш-жігеріне жоғары баға берілді.

Жоғары қарай