Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Бұрынғы энергетика вице-министрлерінің соты: Куәгер мәлімдеме жасады

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 15:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада бұрынғы энергетика министрінің орынбасары Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевке қатысты сот отырысы жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот отырысы барысында Энергетика министрлігінің қалдықтарды басқару департаменті директорының бұрынғы орынбасары Бизар Досмақова күтпеген мәлімдеме жасады. Оның куәлігі бойынша, Б.Жақсалиев Щуче-Бурабай аймағындағы көлдерді тазарту бойынша жасалған жұмыстарға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысынсыз қол қойылғанын білген. Іс бойынша куәгер бұл мәселелер Энергетика министрлігінің аппараттық кеңестерінде жиі көтерілгенін атап өтті.

«Тазарту жұмыстары 2015 жылы (қыркүйек-қазан) жүргізілді. Жұмыс барысында «Аймақ және К» ЖШС шотына 800 млн теңге аударылды. Мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт аясында Жақсалиев жұмыс актілеріне қол қойды. Орындалған жұмыс актісі тұндырылған шөгінділер көлеміне сәйкес келмегенін Жақсалиевтің өзі де білетін», - деді Досмақова сот отырысы барысында.

Сондай-ақ, басты куәгерлердің бірі бұрынғы энергетика вице-министрі Жақсалиев 2015 жылы Щуче-Бурабай аймағындағы көлдерді тазарту бағдарламасының үйлестірушісі болғанын және оның орындалуына жауапты болғанын айтты.

Жауап берген куәгердің ақпаратына сәйкес, Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Щуче-Бурабай курорттық аймағындағы көлдегі жұмыстарды 2015 жылдың тамызынан бастап бақылап келеді.

Сонымен бірге, тендерді жеңіп алған компания су қоймасын тазартуға арналған неміс жабдықтарын әкелгені белгілі болды.

Қылмыстық материалдарға сәйкес, бұл қылмыстың ізін жасыру және жұмыс барысына заңды сипат беру үшін жасалған.

«Жалпы, 2015 жылғы 21 қыркүйектен бастап қазанның аяғына дейін актілерде көрсетілген 109 мың тоннаның орнына, көл түбінен тек 3,5 мың тонна тұнба шөгінділері шығарылған. Жақсалиевтің «жетекшілік ету» кезеңінде қылмыстық топтың қылмыстық әрекеттерінен мемлекетке 746 миллион теңге көлемінде материалдық залал келтірілген», - делінген тергеу мәліметінде.

Айта кетсек, куәгер Б.Досмақовадан үш күн бойы жауап алынған еді. Айыпталушылардың қорғаушылары оған бірнеше рет сұрақ қойып, Досмақова жауап берді.

Сонымен бірге, айыптаушы тарап Б.Досмақованың айғақтарын қолдай отырып, соттан куә мен бұрынғы вице-министр Б.Жақсалиев арасындағы аудио жазбаны тыңдауды өтінді. Алайда айыпталушылардың адвокаттары белгісіз себептермен оны тыңдатуға үзілді-кесілді қарсы болып отыр.


Жоғары қарай