Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 354.12
EUR 416.73
RUB 5.37
CNY 51.65

Бұршақ, жел, қатты ыстық - Жұмаға арналған ауа райы болжамы

2018 жылдың 13 шілде 2018 02:17 828

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республика бойынша кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, бұршақ болуы мүмкін, тек республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, солтүстікте және орталықта түнде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында күндіз бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, Қостанай облысында кей жерлерде тұман болады.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады. Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде желдің күші 15м/с, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады.

 

 

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай