Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Burabike Fest фестиваліне қатысушылар саны рекордтық деңгейге жетті

2019 жылдың 25 тамыз 2019 12:05

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат – Бурабайда дәстүрге айналған VII «Burabike Fest-2019» спортты-музыкалық фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.




«Биылғы шараны өткізу форматын өзгерттік. Ондағы мақсат – шара қайырымдылық болғандықтан, оны тек веложарыс деп шектемей, аясын кеңейтіп фестиваль деп атауды жөн көрдік және өткізу форматын да өзгерттік. Біріншіден, фестиваль екі күнге созылады, екіншіден веложарыстан бөлек қатысушыларға концерттік бағдарлама мен басқа шеберлік сабақтары секілді пайдалы іс-шаралар ұйымдастырылады. Форматын өзгертудің тағы бір себебі жыл санап қатысушылар санының өсуі, былтыр 2500 адам қатысса, биыл рекодттық көрсеткішке жетіп қатысушылар саны 4 мыңға жуықтады», - деді Б. Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.




Оның айтуынша, аталған қайырымдылық шарадан өткен жылы 205 млн теңге жиналып, ол қаржы Мерке (Жамбыл облысы), Тимирязево (Солтүстік Қазақстан облысы), Панфилово (Алматы облысы), Алакөл (Алматы облысы), Ағадырдағы (Қарағанды облысы) медициналық мекемелерге арнап медициналық және оңалтушы жабдықты сатып алу үшін бағытталды.




«Биылғы қорға келсек, фестиваль кешеден бастап өтіп жатыр. Қорға фестиваль баталмай тұрып, 130 млн теңге көлемінде қаражат жиналды. Одан бөлек түстен кейін қайырымдылық аукцион өтеді. Сондықтан кешке қарай шара аясында жиналған қаржы көлемі белгілі болады деп ойлаймын. Биыл фестивальдан түсетін қаражат көлемі өткен жылға қарағанда жоғары болады деп күтіп отырмыз. Әрине жиналған бүкіл қаржы қайырымдылыққа бағытталады», - деді ол.




Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Burabike Fest-2019 фестивалі аясында қайырымдылық аукционы өтеді. Онда Қанат Ислам және Геннадий Головкинның қолғабы, Дмитрий Баландиннің жүзу телпегі, Батырхан Шүкеновтың альбомдар жинағы, Андрей Звягинцевтың қолтаңбасы қойылған «История создания фильма Елена» кітабы, Рафаэль Надальдың теннис добы және тағы да басқа көптеген лоттар қойылады.








Перевод Әли Ибраев
Басты сөздер: Спорт, Ақмола облысы,
Жоғары қарай