Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
CNY 55.96

Бурабайға келетін туристер саны 1,6 млн-ға жеткізілмек

2020 жылдың 23 мамыр 2020 14:44

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Щучье-Бурабай курорты аймағында биылғы жылы бірқатар жобаның жүзеге асыру қарастырылып отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Алмас Сағдиев айтып берді.

Оның айтуынша, Щучье-Бурабай курортты аймағы жыл өткен сайын көркейіп келеді. Аймақта бірнеше демалыс нысандары салынып, шетелдік және отандық туристер легі молая түсуде. Бурабайдың былтыр ТМД елдерінің демалыс орындары арасында үздіктер қатарынан көрінуі, сондай-ақ, соңғы жылдардағы өңірге келетін туристер ағынынан анық байқауға болады. Мәселен, соңғы кездері жылына аймаққа 1 миллионға жуық турист демалуға келсе, жазғы маусымда 500 мыңнан астам адамды қабылдауда. Сонымен қатар, курортты аймақта қысқы туризмде қарқын алып келеді. Алдағы уақытта «Щучье-Бурабай курорты аймағын дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2025 жылдары туристер санын 1,6 миллион адамға жеткізу жоспарда бар.

«Еліміздегі туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Щучье-Бурабай курорты аймағы еліміздің ТОП-10 әлеуеті зор туристік аймақтарының қатарына енгізілді. Осыған орай, Ақмола облысында Щучье-Бурабай курорты аймағын дамыту жоспарының үшінші кезеңі бойынша облыс әкімдігі тарапынан 2017-2020 қарастырылып отыр, Бұлардың қатарында иженерлік инфрақұрылым, көлікті инфрақұрылым, қауіпсіздік қамтамасыз ету, туристік әлеуетті жылжыту», - дейді Алмас Сағдиев.

Басқарма басшысы атап өткендей, Щучье-Бурабай курорттық аймағының керемет табиғаты, климаты, бай емдеу-сауықтыру ресурсы және тарихи-мәдени қоры, республиканың орталығында және еліміздің астанасы Нұр-Сұлтанға жақын орналасуы мұнда туризмді дамытуға өте қолайлы болып отыр. Болашақта оның Еуразияның қазіргі заманғы ірі туристік орталығына айналуына да мүмкіндігі бар.

«Бурабай курортын дамытуда зәкірлік жобаларға мән берілуде. Оның ішінде Үлкен Шабақты және Текекөл арасындағы «AQBURA Resort» курортты аймағының құрылысы атап өтуге болады. Құны 100 миллиард теңге болатын нысанның аумағы 233 гектарды құрайды.

Бұдан бөлек, Бурабай кентінді BI-Group жобасы жүзеге асырылуда. Мұнда мейманхана, қонақүйі, демалу аймағы бар көпбейінді кешен салынады. Жобаның екінші кезеңін ағымдағы жылдың шілде айында аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, аквапаркі бар спортық-сауықтыру кешенін қалпына келтіру жобасы, мәдени -тұрмыстық және көңіл көтеру қызметі жобасы, үш бассейннің құрылысы сияқты бірқатар жобалар аяқталуға жақын. Ең бастысы шілде айында туристік аймақта бұрын соңды болмаған биіктігі 42 метр он аттракционы бар шолу дөңгелегі іске қосылады. «Шале» бірыңғай үлгісінде курортты аймақ абаттандырылуда, Щучье және Бурабай көлдерінің жағасында жаяулар және велосипед жолдары құрылысы аяқталуға жақын», - деп түйіндеді Алмас Сағдиев.

Сонымен қатар, курорты аймақта қыс мезгілінде бос уақытты тиімді ұйымдастыру бойынша да бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.


Жоғары қарай