Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 361.15
EUR 414.71
RUB 5.53
CNY 52.07

Бурабайда «Жайлау» этноауылы ашылды

2018 жылдың 17 мамыр 2018 21:06 1399

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай курортында «Жайлау» этноауылы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бурабай баурайындағы көне дəуірдің көзіндей көрікті ауыл биылғы жылы «Жайлау» марал бағатын шаруашылық пен оның емдеу кешенінің іргесінде орналасқан Бұл жердің табиғаты əсем. Этноауылда көрсетілетін əртүрлі қызметке ыңғайлы. Электр желісі, жол мен кəріздік жүйе, сумен қамтамасыз ету тəрізді қажетті инженерлік инфрақұрылым тартылған.

«Əзірше «Жайлау» этноауылы туристік маусым кезінде жұмыс істейді. Кейін жыл бойы жұмыс істейтін болады»,-дейді Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасына қарасты «Бурабай даму» серіктестігінің бас директоры Ғалымжан Əбдіхалықов.

Серіктестік Ақмола облыстық əкімдігімен бірге этноауылдың басты ұйымдастырушысы. «Жайлау» жұмыс істеген кезде тартымды əрі қызықты шаралар өткізілмек. Курорттық аймақтың демалушылары мен меймандарын жаз бойы «Жайлауға» арнайы көліктер тасымалдайтын болады.

Осы орайда, «Бурабай даму» серіктестігі кейбір қонақ үйлерінің қызмет тізіміне тасымалдауды енгізу жөнінде келісім-шартқа отырған. Бір айта кетерлігі, этноауылдағы барлық ойын-сауықтардың құны елу пайызға дейін жеңілдетілген.


null

null

null

 

 

Жоғары қарай