Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Бурабайда Rixos конақүйіндегі өрттің себебі белгілі болды

2019 жылдың 9 сәуір 2019 20:23

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Бурабайдағы Rixos қонақүй кешенінде болған өрттің себебі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай Rixos қонақүй кешені аумағындағы дәмхана өртке оранған болатын.

ТЖД мәліметі бойынша, өрт бүгін сағат 14:05 шамасында Rixos қонақүй кешені аумағындағы жазғы дәмханада болды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД Щучье қаласындағы 22 өрт сөндіру отряды мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ. Шығын көлемі анықталып жатыр.

«Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыды. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр қуатын тарту шитіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Қазір оқиға байланысты сынақ өрт зертханасында өрт-техникалық зерттеу тағайындалды», - деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.




null

Осыған дейін Бурабайдағы Rixos қонақүй кешені аумағынан өрт шыққанын хабарлағанбыз.

Жоғары қарай