Ауа райы
Нұр-Сұлтан 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 379.86
EUR 422.97
RUB 5.85
CNY 56.33

Бурабай: Қазақстандық жас патриоттар академиясы 3 жылдығын атап өтті

2019 жылдың 22 ақпан 2019 21:07 1012

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Қазақстандық жас патриоттар академиясының ашылғанына 3 жыл толуына орай «Академия күні» аталып өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Академия күніне «Рухани жаңғыру» бағдарламасының менеджерлері, облыстық, қалалық және аудандық білім басқармалары мен бөлімдерінің мамандары,  әдіскерлері, мектеп директорлары, білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы-ұстаздары, сынып жетекшілері, мұғалімдер, Қазақстандық жас патриоттар академиясы мүшелерінің ата-аналары, сондай-ақ, патриоттық бағытта жұмыс жасап жүрген елжанды оқушылар қатысты.

Шара барысында Қазақстандық жас патриоттарды тәрбиелеу мен осы бағытта үш жылдан бері жұмыс жүргізіп келе жатқан Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарының өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті.



null   «Жалпы, жас ұрпақты тәрбиелеудегі патриотизмнің ең жақсы үлгісі мектеп қабырғасынан бастап туған жердің тарихын оқытудан көрініс тапса, бұндай игі істердің қашанда өз жалғасын табары хақ. Туған жердің әр сайы мен қырқасы, тауы мен өзені көне тарихтан таусылмас сыр шертеді. Мысалы, біздің өлке - Алматы облысы,  Панфилов ауданы аумағында зерттелмеген тарихи нысандар мен көне жәдігерлер  саны өте көп тіпті осындай көненің  көзі болған  құнды тарихи  орындар жергілікті жердің мемлекеттік археологиялық тізіміне алынбағын,  кейбірі картада  да жоқ.

null

Сол үшін  мен жалпы тарихшы мамандар назарынан тыс қалып  ежелгі құпияларды бауырына бүккен  көне қалашық  жұрттарын зерттеу нысаны ретінде таңдап алдым. Әлі де біздің  туған өлкеміздің шеңберінде (жалпы қазақ даласын айтпағанда)  өз зерттеушісін күтіп жатқан  бағзы  заман  құпиялары жетерлік десек  қателеспейміз», - деп атап өтті тарихшы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Жаркент айнасы» газеті бас редактордың орынбасары Қали Ибрайымжанов.

null

Айта кетейік, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Қазақстандық жас патриоттар академиясы ашылған 3 жылдың ішінде оған 1855 оқушы мүшелікке қабылданса, бүгінде олардың саны артып отыр. Яғни, Академия күнінің салтанатты ашылу барысында Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан келген балдәурендіктер арасынан 9 үміткерге «Елжанды патриот» төсбелгілері, куәліктер мен сертификаттар берілді.

 

 

Жоғары қарай