Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Бүгін Павлодарда тіркелген науқастың елордада емделіп жатқаны белгілі болды

2020 жылдың 31 наурыз 2020 16:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысында бір адамның коронавирус жұқтырғаны жарияланған еді. Шын мәнінде бұл науқас - Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресми түрде бұл пациент Нұр-Сұлтан қаласында емделіп жатыр. Бірақ коронавирус инфекциясын анықтау бойынша күнделікті жүргізілген зерттеулердің көп болуына байланысты, осы науқастың талдамасы Павлодар облысына жіберілді» делінген ДСМ мәліметінде.

Осыған байланысты қазіргі уақытта Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 1 жағдай тіркелді.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 336-ға жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 175 адам, Алматы қаласында – 82 адам, Қарағанды облысында - 13 адам, Ақмола облысында - 10 адам, Атырау облысы - 13 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында - 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам, Алматы облысында - 8 адам, Ақтөбе облысында - 3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам, Павлодар облысында - 2 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 18 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, жалпы 336 науқас бар.


Жоғары қарай