Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Бүгін Қазақстанның 9 өңірінде аптап ыстық болады

2019 жылдың 15 шілде 2019 07:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 15 шілде күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.

Түнде Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе обыстарының кей жерлерінде күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе обыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай