Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Британиялық лотереядан 170 млн фунт стерлинг ұтып алды

2019 жылдың 9 қазан 2019 20:35

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Ұлыбритания тұрғыны лотереядан 170 миллион фунт стерлингтің джек-потын ұтып алды. Британияда әлі ешкім мұнша ақша ұтпаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Camelot ұлттық лотерея операторы 170 221 000,00 фунт стерлинг мөлшерінде джек-пот ұтып алынғанын хабарлады. Ұтыс иесі бір мезетте Том Джонс, Адель, Эд Ширан сынды танымал әншілерден бай адамға айналып шыға келді.

Иен дәулет иесінің аты әзірге мәлім етілген жоқ. Ұтысты бір адам, отбасы немесе синдикат ұтып алды ма – бұл жағы да белгісіз.

Бұған дейінгі ұтыс рекорды 2011 жылы тіркелген. Сол кезде Колин және Крис Вейр 161 миллион фунт стерлинг ұтып алған.

Айта кетейік, лотерея билеттері Ұлыбританиядан тыс, тағы сегіз елде сатылады.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай