Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Британиядағы 39 мигранттың өліміне қатысты Вьетнамда жеті адамға айып тағылды

2020 жылдың 21 ақпан 2020 19:48

ХАТИНЬ. ҚазАқпарат – Британияның Эссекс графтығында 39 мигранттың жүк көлігінен өлі табылуына байланысты Вьетнам полициясы ресми түрде жеті адамға айып тақты. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Бес ер адам мен екі әйел заңсыз көші-қонмен айналысқаны үшін айыпталып жатыр, деп хабарлайды Хатинь провинциясының полициясы.

Еске салайық, 2019 жылдың 23 қазанында Ұлыбританияның Эссекс графтығы Грейс қаласында көлік тоңазытқышынан 31 ер адам мен сегіз әйелдің мәйіті табылған еді. Қазір Эссекс полициясы Вьетнамда жүр.

Британия полициясының мәліметінше, адамдарға жүк көлігінде ауа жетпей, тар жерде қатты ысып кеткен. Қаза тапқандардың арасында 26 жастағы Фам Тхи Тра Май болған. Ол 22 қазанда отбасына тыныс ала алмай жатқанын айтып, хат жолдаған.

Адамдардың қаза табуына байланысты бірнеше адам тұтқындалды, солардың ішінде жүк көлігінің жүргізушісі Арма графтығының тұрғыны Морис Робинсон да бар.

Қараша айында Лондондағы Орталық қылмыстық сотта ол заңсыз иммиграцияға көмек көрсету және қылмыстық мүлікті сатып алу мақсатында сөз байласқанын мойындады.

Ұлыбритания полициясы адамдардың қаза табуына байланысты тағы үш адамға айып тақты. Олар 23 жастағы Имонн Харрисон және Кристофер Кеннеди, 49 жастағы Георге Ника.


Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай