Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Британияда жүк көлігінен денесі табылған 39 адамның аты-жөні белгілі болды

2019 жылдың 8 қараша 2019 18:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Британия полициясы Эссекс графтығында жүк көлігінен денелері табылған 39 вьетнам азаматының аты-жөндерін анықтады. Олардың тізімі ашық дереккөздерде жарияланған жоқ, дегенмен азаматтардың туыстарына хабар берілді, деп жазады The New York Times.

Басылымның жазуынша, полицияның ресми тізімі шықпастан бұрын 8 әйел, 31 ер адамның туыстары олардың сол жүк көлігінде болған деп санап, жоғалған азаматтарды жоқтап жүрген.

Бейсенбі күні Вьетнамның Лондондағы елшілігі қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтқан еді.

Эссекс полициясы 39 адамның өлімін тергеу жұмыстары туралы ақпарат жақында жарияланатынын хабарлады. Сонымен қатар олар Британия мен Вьетнам билігі бұл жұмыстарды бірлесіп атқарып жатқанын айтты.

Айта кетейік, дүйсенбі күні полиция бұл іске қатысы бар деген күдікпен 8 адамды қамауға алған еді.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай