Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Brexit Қазақстанға қалай әсер етеді

2019 жылдың 18 қазан 2019 14:02

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Брюссельдегі саммитте ЕО-ға мүше 27 елдің көшбасшылары бірнеше сағат бұрын қабылданған Ұлыбританияны Еуроодақтан шығару туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұдан былай аталмыш келісім еуропалық және британдық парламенттердің тарапынан қолдауға мұқтаж. Ұлыбританияның заң шығарушылары сенбі күні құжатты бекіту мәселесін қарастыру үшін жиында бас қосады.

Сондай-ақ, шығу туралы келісім жобасы екі жылдық өтпелі кезеңді қамтиды. Бұл уақыт аралығында ЕО-ның барлық қабылданған сауда келісімдері Ұлыбританияда қолданыс табатын болады.

Лондон Еуроодақтан «мәміле жасаспай» шығатын болса, Ұлыбритания ЕО мен өзге елдер арасындағы әрекеттегі шарттардың бір бөлшегі ретінде саналмайтын болады. Британдықтарға Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелеріне сәйкес сауда жүргізуге тура келеді.

«Ұлыбритания Қазақстанмен келісімге отыруға мүдделі, себебі британдық бизнес Қазақстанға көп инвестиция салды, алайда мемлекет Еуроодақтан «келісімсіз» шығатын болса, Лондон үшін АҚШ және өзге де экономикасы ірі елдермен қарым-қатынас орнату тиімдірек болады», - деді Азияны зерттеу жөніндегі Еуропалық институттың талдаушысы Калам Томсон.

Ұлыбритания Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің ТОП-10 қатарына кіреді. Соңғы 13 жылда британдықтар біздің елге 13 млрд доллардан астам инвестиция құйған.

«Қазақстанға Ұлыбританиямен жаңа келісімді бекіту процесін бастауға тура келеді. Қазақстан британдық тізімде тұр, алайда ең басында болмауы мүмкін»,- деді Томсон.

ҚазАқпаратқа сұхбат беруші Brexit-тің кез келген сценарийі мұнайдың бағасына аса қатты әсер етпейтінін атап кетті.

Азияны зерттеу жөніндегі Еуропалық институттың өзге қызметкері, аға талдаушысы Альберто Тюркстра Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер Brexit-тің теріс тәжірибесін зерттеуі керек деген пікірді қолдайды.

«Қазіргі таңда Еуразия экономикалық одағын Өзбекстан арқылы кеңейту туралы пікірталас жүріп жатыр. Алайда Еуразия экономикалық одағын кеңейтпес бұрын оны нығайтуға көбірек көңіл бөлген жөн», - деді ол.

Автор:

Тимур Дюсекеев

Басты сөздер: Еуропа, Экономика,
Жоғары қарай