Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Бразилиядағы су тасқынынан 30 адам мерт болды

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 05:42

БУЭНОС-АЙРЕС. ҚазАқпарат – Бразиялияның Минас-Жейрас штатындағы қатты жауын-шашын мен соның салдарынан болған су тасқыны кезінде 30 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Agencia Brasil-ге сілтеме жасап.

Бразилияның Азаматтық қорғаныс Ұлттық басқармасының мәліметі бойынша, табиғат апатынан мерт болғандар саны сенбі күні 25 болып, жексенбі таңертең 30-ға жетті. Одан бөлек, 17 адам із-түзсіз жоғалып кетті, жеті адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды. 2 500-нан аса адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Белу-Оризонти штатының астанасында бейсенбіден жұмаға дейін, 1910 жылы бақылау басталғалы болмаған рекордтық мөлшердегі жауын-шашын – 171 миллиметрден көп түскен.

Синоптиктердің айтуынша, жексенбіден бастап жаңбыр мөлшері азая бастайды. Басқарма мәліметінше, штаттағы 9 қала мен Белу-Оризонти штатында көшкін жүру қаупі бар.


Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай