Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Браконьерлерді ұстау барысында көз жұмған қорықшының отбасына мемлекеттік награда табыс етілді

2019 жылдың 31 қазан 2019 19:02

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында табиғат байлығын қорғау жолында мерт болған қорықшы Әділ Кенжеғұловтың отбасына ҚР Президенті Жарлығымен берілген ІІ дәрежелі «Айбын» ордені табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Орденді Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Сыр өңіріне арнайы келген Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев марқұмның отбасына табыс етті.

«Әділ Кенжеғұлов өмірінің соңғы сәтіне дейін «Охотзоопром» мемлекеттік кәсіпорнының инспекторы қызметін адал атқарды. Туған еліміздің табиғатын қорғауда еңселі еңбек етті. Кезекті кезекшілік кезінде оңай олжа іздеушілердің ізіне түсіп, оларды қолға түсіру үшін әрекет етті. Мемлекет басшысы осы орайда браконьерлікті қатаңдату бойынша нақты тапсырма берді. Қазіргі таңда инспекторлардың қызмет барысында құзреттілігін кеңейту, әлеуметтік жағдайын жақсарту және браконьерлікке қатысты қылмыстық жазаны күшейту бойынша бірқатар заңнамаларға өзгертулер еңгізіледі»,- деді министр.




Естеріңізге сала кетелік, Әділ Кенжеғұлов 25 қазан күні күдік тудырған браконьерлерді тоқтатпақ болған сәтте көз жұмды .

«Әділ Шарапатдинұлы өзін нағыз табиғат қорғаушысы, кәсібіне адал маман, мейірім гүлін үлкен жүрегіне ораған абзал азамат ретінде есімізде жатталып қалды. Елімізге адал қызмет жасап, бейбіт күнде батырлық көрсете білді. Өзінің замандастарына, аға - інілеріне өшпес өнеге көрсетті»,- деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.

Жоғары қарай