Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Бойжеткен видеода сыбырлай сөйлеп 80 мыңға жуық доллар тапты

2018 жылдың 15 қараша 2018 08:52

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританиядағы студент Софи Мишель ASMR форматында видео түсіріп, бір жылдың ішінде £60 мың ($78 мың) тапқан. Бойжеткеннің көрермендермен сыбырлап сөйлеген ролигі YouTube-қа жарияланып, қаралымы ондаған мыңнан асып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазір 21 жастағы британдықтың каналына 250 мың адам жазылған. Бойжеткен өз видеосында түрлі тақырыпта сыбырлап сөйлейді. ASMR форматы релаксация үшін жақсы құрал, деп жазады The Mirror.

Софидің негізгі табыс көзі - видеоларында жасайтын жарнамадан түседі. ASMR ролигін түсіру туралы идея оған ағасына «бас сүйек миының ісігі» диагнозын қойғаннан кейін келген. Мишель күйзелістен құтылу үшін амалдар іздеп, осындай ерекше форматты қолай көрген. Мұндай әдістің пайдасы кейбір жандардың күйзелістен құтылып, уайым-қайғыны ұмытуына септігін тигізеді.

Автор Самал Қабышева
Басты сөздер: Интернет, Әлем,
Жоғары қарай