Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Боран салдарынан Қостанай облысының бірнеше ауданы жарықсыз қалған

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 17:02

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының екі ауданы мен бір қаласында жарық өшіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мәліметінше 16-17 қаңтар күндері Арқалық қаласы, Амангелді және Қамысты аудандарында жарық жүйесі өшіп қалған.

«Қостанай облысында ауа-райының нашарлауына байланысты желдің екпіні 30 м / с-қа дейін жетіп, боран соғып тұр. Соның салдарынан кей өңірде сым желілері қысқа тұйықталып, жарық жүйесі өшіп қалуда. Бүгін таңертең Қамысты ауданында электр құрылғылары толығымен қалпына келтірілді. Арқалық қаласы мен Амангелді ауданында жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарға «Қостанайжылуэлектросервисі» мекемесінің жедел бригадалары жұмылдырылды», - делінген ведомствоның ақпаратында.


Жоғары қарай