Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Болат Бақауов «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автобанына баға берді

2019 жылдың 14 қараша 2019 17:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автобанымен елордаға қалай жеткенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше осы жолмен 3 сағат 20 минутта келдім, ешкім арнайы алып жүрген жоқ. Жол өте жақсы, екі жерде – Шідерті мен Қалқаманда әлі жұмыстар жүріп жатыр. Cоңғы ұсақ-түйек жұмыстар қалды. Қазір жол салынып бітті, мен айтқан екі учаскеден бөлек, айналма жол жоқ», - деді Б. Бақауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, әкім Нұр-Сұлтанға қызметтік көлікпен келгенін айтты.

Еске сала кетсек, «QazAvtoJol» ҰК» АҚ «Нұр-Сұлтан-Павлодар» автобанының 1 желтоқсанда ашылатынын хабарлаған еді.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов елордада 2019 жылдың 10 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.

Жоғары қарай