Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Болат Бақауов елордада бірқатар меморандумдарға қол қойды

2019 жылдың 17 мамыр 2019 15:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Павлодар облысының әкімдігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің «CANARAX Dutch B.V» компаниясы арасында коммерциялық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Аталмыш ұйым - металл саудасына мамандандырылған ауыр өнеркәсіп фирмасы. Меморандум өзара тиімді ынтымақтастық, түсіністік және сенім қағидаттарына сүйене отырып жасалды.

«Құжатқа өңір басшысы Болат Бақауов пен «CANARAX Dutch B.V» құрылтайшысы Нитин Бхаднагар қол қойды, - деді облыс әкімінің баспасөз қызметінде. - Компания Павлодар облысының аумағында техникалық кремний өндіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін инвестициялау мүмкіндігін қарастыру ниетін білдірді».

Бұдан басқа, АҚШ-тан келген «Valmont Industries, Inc» компаниясының вице-президенті Джошуа Диксонмен сыртқы сауда жөніндегі меморандумға қол қойылды. Жоба ауыл шаруашылығы саласындағы американдық технологиялардың соңғы жетістіктерін, оның ішінде озық ирригациялық жүйелерді, өсімдік шаруашылығын басқару технологияларын, сондай-ақ мониторинг пен бақылауды көрсетуге бағытталған.



null

Айта кетейік, «Valmont Industries, Inc» - инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығы нарықтарына арналған өнімдер мен қызметтердің жетекші өндірушісі және дистрибьюторы, инженерлік өнімдер саласындағы әлемдік көшбасшы.

Компания өкілдері ағымдағы жылдың сәуір айында «Пахарь» ЖШС-мен кездесіп, өз техникасы мен жабдықтарын көрсету үшін 500 га жер телімін бөлу туралы келіскен болатын.




null


Фото: Валерий Бугаев

Жоғары қарай