Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Болашақта Бурабай курорты қалай өзгереді

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 21:23

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бурабай курортында халықаралық және қалааралық автобустар аялдайтын, сондай-ақ, жеке такси тұрағы бар модульді автовокзал салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өңірдің 2019 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және алдағы жоспарлары жайында өткен брифингте айтты.

«Аудан экономикасының басты бағыттарының бірі – туризмді дамыту. Бүгінгі күні «Щучье – Бурабай» курортты аймағының туристік инфрақұрылымына 178 нысан кіреді.

2019 жылдың соңында 22 нысанға санатына байланысты «жұлдыз» сертификаты тапсырылды. 2020 жылы бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасатын болады. 2019 жылы құны 19 миллиард теңгеден астам инвестицияға 16 туристік нысанның құрылысы жүргізілді. Бурабай кентінде көпбейінді кешен және «Ақ бура» жаңа курорты аймағаны салу «Щучье – Бурабай» курортты аймағын дамытуға септігін тигізбекші. Туристерді тартуда 29 туристік саяхат бағыты әзірленіп, бекітілді. Лапландия, Абылай хан алаңы және Этно ауыл тәрізді туристік орындарға «Shale Bus» пилоттық бағыты ашылды», - деді Әсет Мұздыбаев.

Сонымен қатар, аудан әкімі ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнесту дамыту мәселелеріне де тоқталды.


Жоғары қарай