Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Болашағы жоқ ауылдардың халқына мемлекет қандай қолдау көрсетеді

2019 жылдың 23 мамыр 2019 17:37 759

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жыл санап құрып бара жатқан ауылдардың халқына мемлекет тарапынан қандай қолдау немесе көмек көрсетіледі? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Әр өңірдің арнайы жоспары бар. Әлбетте, ең негізгі мәселе - тұрғын үймен қамтамасыз ету. Арнайы жоспарда құрып бара жатқан ауылдардың халқын ауылдық округ орталығына немесе аудан орталығына көшіру көзделген. Бізде бұл ретте ең негізгі проблема - солтүстік облыстар. Жергілікті әкімдіктер кешенді жоспар аясында жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір қанша адамның көшірілгенін нақты айта алмаймын. Біз де осы көшіру мәселесін мемлекеттік бағдарламаға, жергілікті даму бағдарламасына (...) 2025 жылға дейін кіргіземіз деп отырмыз», - дейді Ермек Алпысов.

Вице-министрдің айтуынша, кей адамдар ондай ауылдардан көшкісі келмейді.

«Себебі, өзінің малы, жері мен жағдайы бар. Біз өңірлерге ондай ауыл халқын әсіресе ауылдық округ орталықтарына, аудан орталықтарына көшіруді ұсынып жатырмыз. Көбі қалаға орналасқысы келеді. Бірақ, бәрінде ондай мүмкіндік жоқ. Осы себепті, маңайындағы шағын ауылдарға сүйеу бола алатын тірек ауылдарды айқындау керек», - дейді ол.

Еске сала кетсек, Ермек Алпысов бұған дейін Қазақстанда 100-ден астам ауыл жойылу алдында тұрғанын мәлім еткен еді.

 

 

 

Жоғары қарай