Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Бокстан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі қайда өтетіні белгілі болды

2019 жылдың 28 маусым 2019 22:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитетінің шешіміне сәйкес, бокстан 2020 жылғы Олимпиада ойындары қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Бокс федерациясы хабарлағандай, Азия елдері үшін біліктілік турнирі қаңтар айында Қытайда өтеді. Ал екінші әлемдік турнирді мамыр айының басында Олимпиада ойындары өтетін Жапонияда өткізілмек.

Қазақстандық боксшылар қатысатын Азиялық біліктілік турниріне ерлер арасында 41 лицензия және әйелдер арасында 22 лицензия ойнатылады. Ерлер арасында олар былайша бөлінеді: 52 кг-ға дейін, 57 кг-ға дейін және 63 кг-ға дейін салмақ санаттарында алты квота, 69 кг-ға дейін, 75 кг-ға дейін және 81 кг-ға дейін салмақ санаттарында бес квота.

Ал, әйелдер арасында континенттік турнирде лицензиялар келесідей бөлінетін болады: 51 кг дейінгі салмақ санатында алты квота және қалған салмақ санатында төрт квота (57 кг дейін, 60 кг дейін, 69 кг дейін, 75 кг дейін).

Әлемдік іріктеу турниріне континенталдық жарыстарда лицензия ала алмаған боксшылар қатысады. Оларға ерлер арасында Токиода өтетін Олимпиадаға 31-35 квота және әйелдер арасында 19-21 квота бөлінеді.

Айта кетейік, Токиодағы Олимпиада ойындарында боксшылар жарысты 2020 жылғы 25 шілдеде бастап, 9 тамыз күні аяқтайды.

Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Олимпиада, Бокс, Спорт,
Жоғары қарай