Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 375.91
EUR 416.85
RUB 6.10
CNY 54.77

Бокстан Қазақстан құрамасы Кубамен бірлескен жиын өткізеді

2019 жылдың 13 желтоқсан 2019 22:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бокстан қазақстан құрамасы келесі жылдың қаңтар айында AIBA базасында бірлескен жиындар өткізеді. Оқу-жаттығу жиыны лицензиялық турнирге дайындалуға бағытталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«2020 жылдың 5 қаңтарында біз AIBA базасындағы оқу-жаттығу жиынына кірісеміз. Біз бірге жаттығуға Венгрия, Жапония және Куба құрамаларын шақырдық. Аталған елдердің боксшылары әлемде жоғары бағаланады. Сол себепті лицензиялық турнир алдында осындай ОЖЖ өткізу біз үшін өте маңызды. Жаттығу қаңтар айының соңында басталады. Біз бұл шақыртуға дайын болуымыз керек», - деді бас жаттықтырушы Ғалымбек Кенжебаев.

Атап өтейік, осы күндері Қазақстан AIBA базасында бокстан жиын өткізіп жатыр.

Автор Балнұр Қожагелді
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай