Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Бокстан әлем чемпионаты: Қос боксшымыз жеңіске жетті

2019 жылдың 6 қазан 2019 19:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Улан-Удэ қаласында өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында бүгін қазақстандық қос боксшы жарыстың келесі сатысына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Римма Волосенко мен Фариза Шолтай қазақстандық жанкүйерлер сенімін ақтады. Атап айтқанда, Римма Волосенко 60 келі салмақта Ұлыбританиядан келген Пэйдж Мюрнеймен қолғап түйістірді. Шаршы алаңда қазақстандық боксшы өз шеберлігін көрсете білді. Нәтижесінде төрешілер жеңімпаз ретінде Римма Волоесенконың қолын көтерді. Осылайша Римма 1/8 финалдық кезеңіне жолдама алды.

Сондай-ақ, бүгін қазақстандық Фариза Шолтай 81 келіде шаршы алаңға шықты. Ол австралиялық Джэссику Пэйджден айласын асырып, ол да келесі айналымға өтті.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Айжан Қожабекова (57 келі) микронезиялық Дженифер Чэнгтен, Ақерке Бақытжан (75 келі) қытайлық Тайпей елінен келген Лин Лиден, Дариға Шәкімова (69 келі)чехиялық Мартина Шморзановадан басым түсті .

Айта кетейік, 3 қазанда Назым Қызайбай (51 келі) жапон спортшысы Намики Тсукимиден, Алуа Балқыбекова (48 келі) өзбекстандық Гүласал Султоналиевадан жеңіліп қалған еді.

Әлем чемпионатына дүниежүзінің 75 мемлекетінен спортшылар келді. Он бірінші мәрте өткізіліп отырған дүбірлі додада 809 былғары қолғап шебері он салмақта сынға түседі .

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам, Бокс,
Жоғары қарай