Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Бокс Олимпиада бағдарламасында қалуы мүмкін

2019 жылдың 23 мамыр 2019 02:09 988

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық олимпиада комитетінде атқару комитетінің отырысы болып өтті. Онда әуесқой боксты Олимпиада бағдарламасында қалдыру жөнінде ұсыныс жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ХОК және Халықаралық бокс ассоциациясы арасында қаржылық және ұйымдастырушылық жөнінде келіспеушілік туындаған болатын. Соған орай 2018 жылдың 30 қарашасында ХОК жанынан тергеу комитеті жан-жақты сараптама жасады. Сараптама нәтижесімен әуесқой боксты 2020 жылғы Токио Олимпиадасы бағдарламасында қалдыру жөнінде ұсыныс жасалды. Бокстан олимпиадалық турнир ХОК нұсқауларына сәйкес жүргізіледі. Жоғарыда аталған шешімдер 2019 жылдың маусым айында ХОК сессиясында бекітілуі тиіс. Соған сәйкес 2020 жылы Токио Олимпиадасында бокстан бақ сынайтын спортшылардың жалпы квотасы 286 адамды құрайды. Халықаралық бокс ассоциациясының толық мәртебесін тану 2020 жылғы Токио олимпиадасынан кейін қаралады», - деп жазды Халықаралық олимпиада комитетінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетелік, Олимпиада ойындары 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында Жапония астанасы - Токио қаласында өткізіледі. 

 

 

Автор: Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай