Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Бокс: Әли Ахмедов америкалықты 30 секундта нокаутқа жіберді

2019 жылдың 6 қазан 2019 08:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов Головкин-Деревянченко бокс кешінің андеркартында WBC белдігі үшін америкалық Эндрю Эрнандеспен (20-7-2, 9 КО) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жекпе-жекке Ахмедовтің еншісіндегі суперорта салмақ санатындағы WBC International Silver чемпиондық белдігі тігілген болатын. Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Эрнандес 30-секундта ауыр соққы жіберіп алған соң, төреші айқасты жалғастыра алмайды деп шешті.

Осылайша Әли Ахмедов белдігін алғаш рет қорғады. 24 жастағы жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы он алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Эндрю Эрнандес сегізінші рет жеңіліске ұшырады.

Автор Нұрлан Тұяқов
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай