Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Бокс: Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшы қыздар белгілі болды

2019 жылдың 27 қыркүйек 2019 22:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресейдің Улан-Удэ қаласында өтетін бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында бақ сынайтын қазақстандық былғары қолғап шеберлері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокстан Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Ерік Алғабек он салмақта сынға түсетін шәкірттерінің есімін атады. Атап айтқанда, әлем чемпионатында еліміздің атынан Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (51 келі), Дана Жоламан (54 келі), Айжан Қожабекова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Милана Сафронова (64 келі), Дариға Шәкімова (69 келі), Ақерке Бақытжан (75 келі), Фариза Шолтай (81 келі) және Дина Исламбекова (81 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.

Қазақстандық боксшылар арасында бұрын әлем чемпионатында топ жарған спортшылар бар. Мәселен, Назым Қызайбай 2012 жылы қола жүлде алса, 2014, 2016 жылдарда алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ, 2016 жылы Айжан Қожабекова үшінші орын алды.

Қыздар арасындағы бокстан әлем чемпионаты 2001 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Содан бері қазақстандық қыздар 5 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль алды.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 3-13 қазан аралығында өткізіледі. Әлем чемпионаты биыл 11 мәрте жалауын көтереді.

Фото: kfb.kz

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Бокс, Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай