Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

БҚО тұрғыны 70 дана киік мүйізімен ұсталды

2019 жылдың 23 маусым 2019 22:09 1198

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Қазталов ауданында тұрғын 70 дана киік мүйізімен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудандық полиция бөлімінің бастығы Ренат Дегенбаевтың айтуынша, оқиға бүгін сағат 03.00 шамасында аудан орталығы Қазталов ауылында орын алды. Тәуелсіздік көшесі бойында күдікті көрінген «Нива» автокөлігін тоқтатып, тексерген кезде оның салонынан қорапқа салынған 70 дана киік мүйізі табылған. Автокөлікте бір адам болған.

Осы дерекке байланысты жедел тергеу тобы құрылып, ол оқиға орнында жедел іздестіру шараларын жүргізді. Біреулер жазық далада жүрген 35 киікті қасақана атып өлтіріп, мүйізін пайда табу мақсатында кесіп алып, ұшасын лақтырып кеткен.

Қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде көршілес Жәнібек ауданы орталығы Жәнібек ауылының тұрғыны ұсталды.



null

Қазіргі кезде ҚР ҚК 339-бабына сәйкес (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, биылғы санақ бойынша Батыс Қазақстан облысында киік саны 217 мыңға жеткен болатын. Өңірде киіктер негізінен Қазталов, Жәнібек аудандарын мекендейді. 



null

 

Жоғары қарай