Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

БҚО-да жол апатынан жүргізуші қаза тапты

2019 жылдың 7 желтоқсан 2019 10:50

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жол апатынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 6 желтоқсан күні Бөрлі ауданы Жарсуат ауылы маңында болды.




Подстепный-Елек жолының 134-шақырымында сағат 15.45-те «Рено Логан» жеңіл көлігі «МАЗ» жүк көлігімен соқтығысты.

Жеңіл көліктің 1989 жылғы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жүк көлігінің 1976 жылғы жүргізушісі медициналық көмекті қажетсінген жоқ.

Тағы бір жол-көлік оқиғасы Орал қаласында болды.

Бүгін сағат 03.14-те Зачаган кенті Жәңгір хан көшесі бойындағы «ҚазМұнайГаз» жанар-жағармай құю стансасы тұсында «Ауди» мен «Шевролет» автөліктері соқтығысты.

Құтқарушылар «Шевролет» көлігінен 1990 жылғы әйел адамды шығарып, жедел жәрдемге тапсырды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, соңғы жол апатынан бес адам зардап шекті. Бас пен мидың ашық жарақатын алып, миы соғылған 1990 жылғы әйел адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Денелері көгерген 1978 және 1986 жылғы ер адамдар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді. 1991 және 1985 жылғы ер адамдар медкөмектен бас тартты.

Жоғары қарай