Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 37 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

БҚО-да жол апатынан алты адам жарақат алды

2019 жылдың 18 маусым 2019 12:55 4333

ОРАЛ. ҚазАқпарат- Батыс Қазақстан облысында жол апатынан алты адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше кешкісін сағат 21.50 шамасында Жаңақала ауданы аумағында болды.

Жаңақала-Сайқын күре жолы бойында қос бірдей «Ларгус» автөлігі соқтығысты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, алты адам Жаңақала аудандық ауруханасына жеткізілді. Олардың біреуі - 2013 жылғы қыз бала.

«Бәрінің де жағдайы орташа ауыр. Тек 1987 жылғы әйелге ота жасау жөнінде шешім қабылданды», деді А.Сақпосынова.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Чапаев-Сайқын жолының 132-шақырымында, Жаңақала ауылы тұсында 1982 жылғы жүргізуші «Ларгус» автокөлігімен жолдың  қарсы бетіне шығып кеткен. Сөйтіп 1992 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «Ларгуспен» соқтығысуға жол берген. Жаңақала аудандық ауруханасына жеткізілген алты адамның екеуі - жасөспірім. Медициналық куәландыру бойынша екі жүргізуші де айық болып шықты. Қазіргі кезде аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да екі автокөлік соқтығысып, бес адамның зардап шеккенін жазған болатынбыз.

 

 

 

 

 

 

Жоғары қарай