Ауа райы
Нұр-Сұлтан 18 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

БҚО-да жоғалып кеткен тұрғын аман-есен табылды

2019 жылдың 17 қаңтар 2019 21:11 943

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында  жоғалып кеткен тұрғын аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖД  баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округінде болды.

1978 жылғы тұрғын 16 қаңтар күні сағат 09.00-де Саркөл ауылынан мал қараймын деп шығып кеткеннен оралмаған.

Ер адамды іздеуге ТЖ (3 қызметкер, 1 техника), жергілікті әкімдік (3 қызметкер, 1 техника), аудандық полиция бөлімі (1 қызметкер, 1 техника) және ауыл тұрғындары (13 адам, 2 техника) жұмылдырылды.

Соның нәтижесінде тұрғын бүгін сағат 18.25-те даладан табылды.

Еске сала кетейік, соңғы күндері ауа райына байланысты өңірде бірқатар ескертулер жарияланған болатын.

 

 

Жоғары қарай