Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 371.86
EUR 433.33
RUB 5.46
CNY 54.13

БҚО-да желдің күшейетіні жөнінде ескерту жарияланды

2018 жылдың 7 тамыз 2018 12:32 505

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында алдағы күндері желдің күшейетіні жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 8-9 тамыз күндері кей жерлерде батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Орал қаласында да желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.

БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғау капитаны Азамат Нұрпейісовтің айтуынша, бүгін де найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

«Осыған байланысты төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тұрғындар арасында алдын ала ескертілді. Өмірлік маңызы зор нысандар, электр және байланыс желілерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін күш-құралдары тиісті дайындыққа келтіріліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды», - деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Нұрпейісов.

 

 

Жоғары қарай