Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 376.40
EUR 427.36
RUB 5.86
CNY 56.08

БҚО-да тағы бір тұрғын үйдің төбесі құлады

2019 жылдың 21 ақпан 2019 19:45 785

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қардың көптігінен  тағы бір тұрғын үйдің төбесі құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға кеше Тасқала ауданы орталығында болды.

Тасқала ауылында Абай көшесі, 21-мекенжайында 6 пәтерлік, бір қабатты тұрғын үйдің шатырының бір бөлігі құлаған. Оның аумағы 72 шаршы метрді құрады.

Зардап шеккендер жоқ.

Биылғы қыста облыста осындай 12 дерек тіркелсе, соның жетеуі Орал қаласында орын алды.

Сонымен қатар Теректі ауданы Подстепный ауылы Геология көшесі 60-мекенжайында 9 пәтерлік тұрғын үйдің төбесі сондай жағдайға ұшырады. Ал Тасқала ауданында бұдан бұрын екі үйдің шатыры бүлінген болатын. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрғын үй мен балабақшаның төбесі құлағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ өңірде 800-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды.

Бүгін ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланып, құтқарушылар бес айлық сәбиді ауруханаға жеткізді.

 

 

 

 

 

 

Жоғары қарай