Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

БҚО-да шенеуніктер шекарадан өткізгені үшін кәсіпкерлерден пара алып отырған

2019 жылдың 18 маусым 2019 16:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО-дағы департаменті өңірдегі үш лауазымды тұлғаның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, олар кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша алып отырған. Шенеуніктер «Сырым» шекаралық бекеті арқылы кедергісіз өту және тауарлы-көліктік құжатын тексеру кезінде кәсіпкерлерден пара алып отырған.

«Тағылған айыпты толық мойындағаны үшін күдіктілерді процессуалдық ұстау шарасы қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Күдіктілерге қатысты соңғы кесімді сот шығарады.

Жоғары қарай