Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

БҚО-да құтқарушылар ауырған бес айлық сәбиді ауруханаға жеткізді

2019 жылдың 21 ақпан 2019 19:07

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар ауырып қалған бес айлық сәби мен оның анасын ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, бүгін сағат 12.05-те Бәйтерек ауданы Шалғай ауылында бес жасар баланың ауырып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Аудан орталығы Переметныйдан 41 км қашықтықта орналасқан Шалғаймен екі ортадағы жолды қар басып қалғандықтан, қатынас үзілген.

Бәйтерек аудандық ТЖ бөлімінің қызметкері, азаматтық қорғау капитаны Николай Сламихин оралдық құтқарушылар Батыр Тілегенов пен Әзілхан Қарабасовтың және арнайы техниканың көмегімен шұғыл ауылға аттанды.

Соның нәтижесінде 2018 жылғы И.Кашманов пен оның анасы, 1990 жылғы Ю.Кашманов аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

«Қазір олар дәрігерлердің бақылауында», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Жәдігер Құсайынов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын облыста 800-ден астам адамның қар құрсауынан құтқарылғанын жазған болатынбыз.

Бүгін сондай-ақ ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Жоғары қарай