Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

БҚО-да колледж директоры өз-өзіне қол жұмсады

2019 жылдың 19 наурыз 2019 14:30

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында колледж директоры өзіне-өзі қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше Бәйтерек ауданы Калинин ауылында орын алған. Сағат 12.30-да өзіне қол жұмсаған ер адамның мүрдесі табылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Марқұм сол ауылда колледж директоры болып жұмыс жасаған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында қыз бала жетінші қабаттан секіріп кеткен болатын.

Жоғары қарай