Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 378.01
EUR 420.88
RUB 5.84
CNY 54.64

БҚО-да бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады

2019 жылдың 21 қаңтар 2019 11:23 822

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 22 қаңтар күні кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, тұман түседі, көктайғақ болады.
Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Орал қаласында да осындай ауа райы орын алмақ.

Қазіргі кезде БҚО ТЖ департаменті тарапынан тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ауа райының нашарлауынан өңірде 146 автокөліктің қар құрсауында қалғанын жазған болатынбыз.

Жоғары қарай