Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
CNY 55.10

БҚО-да бір күнде заңсыз балық тасымалымен үш автокөлік ұсталды

2019 жылдың 12 сәуір 2019 19:00 765

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Батыс Қазақстан облысында бір күнде заңсыз балық тасымалымен үш автокөлік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Бекіре-2019» жедел алдын алу шарасы барысында кеше үш бірдей қылмысқа тосқауыл қойылды.

Сағат 06.00-де Орал-Атырау жолы бойындағы «Көшім» бекетінде Ақжайық ауданының 1992 жылғы тұрғыны айдап келе жатқан «Seat Alhambra» автокөлігі тоқтатылды. Онда жүргізушінің 512 кг қара балықты тасымалдап келе жатқаны белгілі болды.

Кеше сондай-ақ сағат 14.25-тер шамасында Барбастау-Индер жолы бойында, Теректі ауданы Шағатай ауылы тұсында Ақжайық ауданының 1992 және 1986 жылғы екі тұрғыны отырған «Фольксваген Шаран» автокөлігі кідіртілді. Көлікті қараған кезде 16 қапқа салынған 800 кг түрлі балық табылды.

Сағат 11.05-тер шамасында Орал-Подстепный жолы бойындағы «Шеп» бекетінде Теректі ауданының 1964 жылғы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «ГАЗель» автокөлігінен 2 тоннадан астам қара балық шықты.


null 

Үш көлікте де тиісті құжаттар болмады.

Қазіргі кезде аталған деректер бойынша ҚР ҚК 196-бабы 1-бөлігіне сәйкес   (көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 3,5 тонна балық тасымалдаған автокөлік ұсталғанын жазған болатынбыз.

 

 

 

 

 

Жоғары қарай