Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 367.06
EUR 416.17
RUB 5.56
CNY 52.84

БҚО-да бір күнде екі адам суға кетті

2018 жылдың 16 тамыз 2018 16:12 628

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында бір күнде екі адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, қос қайғылы оқиға да 15 тамыз күні орын алды.

Кеше 1994 жылғы жас жігіт сағат 15.10-да Желаев кенті ауданында жасанды су қоймасына шомылуға болмайтын жерден түсіп, батып кеткен. Жедел құтқару жасағының  3 қызметкері 1 техника, 1 жүзу құралының көмегімен марқұмның денесін 16.41-де судан шығарды.

Сол күні Теректі ауданы Сатымшеген ауылы маңындағы жасанды су қоймасында сағат 16.00-де 1999 жылғы тағы бір жас адам батып кетті. Ол да шомылуға рұқсат етілмеген жерден түскен. Марқұмның денесін төрт ауыл тұрғыны тауып, сағат 19.00-де шығарды.

Осылайша бір күннің ішінде екі бірдей жас ғұмыр үзілді.

Облыста соңғы он жылда 270-тен астам адам суға батып кетсе, соның 70-тейі - балалар.

Еске сала кетейік, кеше Шалқар көлінде төрт адамның құтқарылғанын жазған болатынбыз.

 

 

 

Жоғары қарай