Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

БҚО-да балық аулаймын деп, мұздың астына түсіп кеткен екі адам құтқарылды

2019 жылдың 22 қараша 2019 03:21

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында екі ер адам балық аулаймын деп, мұздың астына түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 21 қараша күні Теректі ауданы Сарыөмір ауылдық округіндегі Шалқар көлінде орын алды.

Мұздың астына түсіп кеткен 41 жасар екі ер адамды сағат 17.25-те құтқарушылар аман алып қалды. Жедел құтқару жасағы №5 бөлімшесінің басшысы Темірбек Уахитов, құтқарушылар Тихан Құттыбаев пен Асылбек Майтанов дер кезінде көмекке келді.

Зардап шеккендер Сарыөмір ауылындағы медпунктке жеткізілді.

Жоғары қарай