Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

БҚО-да ауыз су құбырынан бактериялар табылды

2018 жылдың 19 қыркүйек 2018 20:34 85

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Теректі ауданы Федоров ауылында су тазалағыш стансадағы судың сынамасынан колиморфты бактериялар табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, аталған ауыл тұрғындарынан ауыз су сапасының төмендігі және оны беруде іркілістің жиі орын алатыны жөнінде әлеуметтік желі арқылы шағымдар түскен.

Соған байланысты Теректі ауданы прокуратурасының тапсырмасы бойынша аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тексеріс жүргізген.

Прокуратураның ұсынысы негізінде тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін «Теректі таза су» кәсіпорнына 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.  

Бұдан бөлек, «Теректі таза су» кәсіпорны су құбыры желісін дезинфекциялап, станциядағы су тазалайтын сүзгі ауыстырылды. Сонымен қатар, судың үзіліссіз берілуі мен жұмысшылар арнайы киіммен қамтамасыз етілді.

Осылайша ауылдағы 5 мың тұрғынның құқығы қорғалды.

 

 

Жоғары қарай