Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

БҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 21 ақпан 2019 13:34 1147

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша, 22 ақпан күні өңірдің кей жерлерінде бұрқасын соғып, тұман түседі. Көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Облыс орталығы Оралда да осындай ауа райы орын алып, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.

Қазіргі кезде тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау, өмірлік маңызы зор нысандардың қалыпты қызметін, электр және байланыс желілерінің үзілмеуін қамтамасыз ету бағытында шаралар алынуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бұрқасын соғатынын, боранға байланысты жол жабылып, қар құрсауынан алпыстан астам автокөлік пен 800-ден астам адамның шығарылғанын жазған болатынбыз.

 

 

 

 

 

 

Жоғары қарай