Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

БҚО-да адамдар қарақұртқа алаңдаулы

2019 жылдың 19 шілде 2019 20:05

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында қарақұртқа ұқсас жәндік шығып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарақұрттың пайда болғаны жөнінде Бәйтерек ауданы Асан ауылының тұрғыны бейнероликті Инстаграм әлеуметтік желісіне жүктеген.

Оның сөзіне қарағанда, аталған жәндікті 17 шілде күні өз үйінің ауласынан көрген.

Мұның алдында да тағы бір үйден қарақұрт табылған дейді. Осыған байланысты жұртшылық қатты алаңдаулы.

Орал обаға қарсы күрес стансасының зоологы Гауһар Құрманғазиеваның айтуынша, суретіне қарап қарақұрт екендігін айыру қиын, соған ұқсайды.

«Жалпы, қарақұрт біздің өңірде кездеседі. Әйтсе де ол ылғалды жерлерде болмайды, негізінен шөлейт жерлерді мекендейді. Оның үстіне ол ешқандай ауру тасымалдамайтындықтан, обаға қарсы күрес стансасы зерттемейді. Біздер ауру тарататын кеміргіштерді зерттейміз. Қарақұрт шаққан жағдайда дереу дәрігерге қаралу қажет», деді ҚазАқпарат тілшісіне Г.Құрманғазиева.

Жоғары қарай