Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

БҚО-да 27 млн теңгенің малын ұрлағандар сотталды

2019 жылдың 4 шілде 2019 19:57

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 27 млн астам теңгенің малын ұрлағандар сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Ерлан Жақсыбаевтың мәлім еткеніндей, өткен жылдың қараша айында қолға түскен қылмыстық топ 2015-2018 жылдары Қаратөбе ауданында мал ұрлаумен айналысқан.



null

ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігіне (ұрлық) және 262-бабына (ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) сәйкес қылмыстық істі полиция департаментінің тергеу басқармасы жүргізді.

Тергеу барысында Қаратөбе ауданының тұрғындары Е.Төлегенұлы, О.Дәулетияров, С.Бисенбаевтың мал ұрлығымен айналысқаны анықталды. Олар төрт жыл ішінде ауданның 40 тұрғынынан барлығы 26 жылқы, 118 бас сиыр малын ұрлап, оларға 27 млн астам теңге залал келтірген.

Сырым аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі 1, 3-тармақтары және 262-бабы 2-бөлігімен айыпты деп танылған ұйымдасқан топ басшысы Е.Төлегенұлы 8 жылға, О.Дәулетияров 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу органдарымен процессуалдық келісімге келіп, қылмыстың ашылуына жәрдемдескені ескеріліп, С.Бисенбаевтың бес жыл алты ай мерзімге бас бостандығы шектелді.

Жоғары қарай