Ауа райы
Нұр-Сұлтан 6 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 378.56
EUR 424.44
RUB 5.91
CNY 56.36

БҚО-да 100-ден астам ірі қараны ұрлағандар ұсталды

2018 жылдың 13 желтоқсан 2018 19:18 981

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 100-ден астам мал ұрлаған барымташылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ұйымдасқан қылмыстық топ 2015 жылдан бері Қаратөбе ауданы аумағында мал ұрлаумен айналысқан.

Сол мезгілден бері әккі ұрылар 100-ден астам ірі қара мен жылқыны қолды қылған.

Сот қаулысымен топ мүшелері қамауға алынды. БҚО полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес (ұрлық) 20-дан астам эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Айта кетейік, «Мал ұрлығы» республикалық жедел-алдын алу шарасы барысында 5-7 желтоқсан аралығында облыс аумағында 40 мал ұрлығы ашылды. Соның ішінде 17-сі ізі суымай ашылса, соншасы - бұрын жасалған қылмыстар. Ал төртеуінің тарихы өткен жылдарға кетеді.

Қысқы соғым кезінде мал ұрлығының жиілейтіні белгілі.

Департамент криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Арыстановтың сөзіне қарағанда, ұрлыққа жол бермеу үшін малды көзден таса қалдырмау қажет. Жайылымда жүрген малды бақылау үшін GPS-трекер құрылғысын орнатқан тиімді. 

 

 

Жоғары қарай